Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан
құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. XIX-XX
ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат
жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз ғалам мен ондағы құбылыстардың
астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын
сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған а ғаламды
танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы
табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын
қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне
мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым
салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда.
Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз.
Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен
қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және
жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды
нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің,
жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.
Мәтін не туралы?
Мәтін қандай стильде
жазылған?
Оған дәлел ретінде сөз
қолданыстарынан мысалдар
келтіріңіз.​

erke22 erke22    1   21.05.2020 18:19    7

Ответы
olya2399 olya2399  15.10.2020 04:55

Объяснение:

Это соч

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi