Адамдық дықаншысы тақырыбына эссе

mixpix mixpix    2   26.01.2021 18:22    0

Ответы
Dodgesantafe Dodgesantafe  25.02.2021 18:24

Отаршылдық. Қазақы ұғымы — «құлдық», «құл болу». Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең; сүйекке таңба, көңілге дақ түсірген қасіретті кезең. Қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихындағы Алаш орда үкіметінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлын ашындырып, қолына қалам алдырған басты себептердің бірі де бірегейі — туған халқының адам төзгісіз ауыр халі, отаршылдық кеп. Қазақ халқы өзінің тарихында ешкімге отар болып көрмеген екен, 150 жыл орыс отаршылдығының масқара қамытын киді. Оның зардаптары шексіз, тигізген зияны өлшеусіз. Қазақ халқы отаршылдық кезеңде малынан, жанынан айырылды. «Орнында бар оңалар»: мал да өседі, жан да өсер, бірақ бәрінен қиыны — ұлт санасына түскен құлдықтың ауыр қамыты. Құлдық сана! Қазақ «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Денеге кірген кеселден айығудың ұзаққа созылатынын айтып отыр. Ал рухани кеселдің ауыртпашылығын кім өлшепті; кім кесіп - пішіп айта алады? Ешкім айта алмаса керек: рухани кеселдің зардабы дене кеселінен мыңдаған есе ауыр! Дана қазақ «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» дейді. Отарлау ең алдымен басына ноқта түспеген бұла халықтың ең алдымен миына, санасына, ақыл - ойына жасалады. Миы, санасы, ақыл - ойы отарланбаған халық ешқашан, ешкімге құл болмайды. Отаршылдықты жан - дүниесімен сезінген Абайдың «бастағы ми, қолдағы малға талас қылған» деуі де сондықтан.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi