Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап
Осы өлен арқылы автор не айтқысы келді ?

posaliza170401 posaliza170401    1   18.01.2021 10:06    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi