Абылай хан аңызға айналған тұлға эссе

елена1154 елена1154    2   20.10.2020 03:52    1

Ответы
Smilen2014 Smilen2014  19.11.2020 03:53

Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. /балалық шағынан үзінді келтіру/

Абылайдың азан айтып қойылған аты - Әбілмансұр. Ол мұсылманша жақсы білім алады. Шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар: «Ақ толқын», «Шаңды жорық», « Сары бура», « Дүние қалды»...Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi