Абайды оқы, таңырқа», «Қазақ ұлттық қолөнері» тараулары бойынша бөлімаралық жиынтық бағалау
6-сынып / «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні / 6.05.2021 жыл
Білім алушы: Сынып:
Оқу мақсаттары:
6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жазу
6.5.1.7 себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы:
✓ 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырады;
✓ тірек сөздерге сүйеніп, жанрлық ерекшелігі сақталған өмірбаян жазады;
✓ сұрақтарға жауап жазуда себебі꞊өйткені, сондықтан шылауларын дұрыс қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, талдау
Орындау уақыты: 20-25 минут
1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын
салыстырып жаз.
1-мәтін
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай
Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының
бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ
зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере
болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған.
Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы,
шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс
ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп,
орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.СалтыковЩедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан
аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен
танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын
кеңейтіп, білімін дамыта береді.
2-мәтін
Хабарлама
Құрметті «Абай» кітапханасының оқырмандары! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының
175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы
сағат 15:00-де болады. Сіздерді көрермен болуға шақырамыз. Кіру тегін.
Өтетін орны: «Абай» кітапханасы, 1-қабат, мәжіліс залы
Салыстыру аспектілері 1-мәтіннің 2-мәтіннің
стилі
тақырыбы
қысқаша мазмұны (2-3 сөйлем)
2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, жанрлық ерекшеліктерін сақтап Абай
Құнанбайұлының өмірбаянын жаз. Өмірбаянның құрылымын есте сақта:
1. туған жылы, туған жері
2. отбасы туралы ақпарат
3. жұмыс орны, қызметі туралы ақпараттар
4. жетістіктері туралы ақпараттар