Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік мәні эссе 70-80 сөз

kamilla169 kamilla169    1   04.10.2019 17:00    2

Ответы
fkbithxtvg fkbithxtvg  09.10.2020 20:05

Қазақтың ақыны Абай өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырған.

 Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу - қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ",- деп ойын түйіндейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi