Абайдың қара сөздері. Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қара сөз» деп аталады. Абайдың қара сөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45.
Абай қара сөз жазудағы мақсатын өзінің
1956 жылы Абайдың қара сөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Қара сөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 -сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыр

miki745 miki745    3   27.01.2021 12:24    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi