Абай өлең жазуды 10 жасында ( « Кім екен деп келіп ем түйе қуған ... » ) бастаған . Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — « Йузи - рəушəн » , екіншісі « Физули , Шәмси , Сәйхали » . « Сап , сап , көңілім » , « Шәріпке » , « Абралыға » , « Жақсылыққа » , « Кең жайлау » өлеңдері 1870 80 жылдар аралығында жазылған . Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — « Қансонарда » 1882 ж . жазылған . Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып , көзқарасы қалыптасып , сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді . Шығармалары үш жүйемен өрбиді : бірі – өз жанынан шығарған төл өлеңдері ; екіншісі ғақлия ( немесе Абайдың қара сөздері ) деп аталатын прозасы ; үшіншісі – өзге тілдерден , әсіресе орысшадан аударған өлеңдері .