Абай мұражайында тақырыбында сұхбат дайында

violettaya12 violettaya12    2   06.05.2020 10:13    2

Ответы
annaobryv861 annaobryv861  14.10.2020 08:06

ответ:Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы - Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Музейдегі 13 мың экспонат қоры (оның 7500-і негізгі қор) 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған 1885 ж. Н.Ц.Долгополов арқылы өлкетану мұражайына Абайдың алғашқы шығармалары, оның дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылған өлеңдері, ақынның әдеби мұрасын жалғастырушылардың шығармалары қойылған. Сондай-ақ М.О.Әуезов бастаған абайтанушы ғалым-зерттеушілердің еңбектері де бар (қ. Абайдың жидебайдағы қыстауы). Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты мұражай үйі ұлғайтылып, түбегейлі жөндеуден өтті.байдың әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi