Абай- ұлы ақын, ойшыл, аудармашы,композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10-ыншы тамызда Семей облысының Шыңғыс тауларында туған. Абайды аяулы, кәрі әжесі Зере «ойлы, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай деп атандырған.Ол ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз әңгімелерін естіп, ақылды анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
Абай өз өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет 20-сыншы ғасырдың 80-інші жылдарының орта кезінен таныла бастады. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай шығармалары көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда.
Ақынның айрықша жырлаған тақырыптарының бірі - табиғат. Табиғат- а ң еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абайдың табиғат лирикасына «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» өлеңдері жатады. Ақын табиғат туралы өлеңдерінде әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін асқан шеберлікпен суреттейді. Абай өлеңдерін оқи отыра табиғат көріністерін елестетпеу мүмкін емес.
1.Мәтін бойынша диалог құрыңыз.
Үлгі: -Абай кім?

naked159 naked159    2   11.05.2021 09:54    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi