Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері жоғалып кеткен. Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Ол Ахмет-Риза медресесінде үш жыл оқиды. Ол өте ұғымтал, зерек бала болған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы «Приходская школға» түсіп, орысша да білімін жетілдіреді.
Әкесі Құнанбай Абайды он үш жасында медреседен шығарып алып, ел жұмысына араластырмақ болады.
Абай жиырма сегіз жасқа келгенде, амалсыздан тастап кеткен орыс тілін қайтадан оқуға кіріседі.Чернышевский, Добролюбовтың шығармаларын көп оқиды.
Абай өз шығармаларында халық туралы жырлаған. Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдерінде ақын қазақ даласының жаратылысын, көшпелі қазақ ауылының тұрмыс салтын суреттейді. Қазақтың мал баққан шаруасын, өзге де қоғамдық құрылысын айтады. «Көктем», «Жаз», «Күз» жайындағы Абай өлеңдерінде нағыз қазақ ауылының суреттері жырланған.
2). Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
(Найтиде антонимы, синонимы данных слов в тексте). [ ]
Жас (антоним) -
Білім (синоним) -

3).Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.
(Укажите порядок информации в тексте.) [ ]
Мәтіндегі ақпарат
Реті (Порядок) 1,2,3
Абай өз шығармаларында халық туралы жырлаған.

Ол өте ұғымтал, зерек бала болған.

Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген

Sn1KeRS2 Sn1KeRS2    1   18.05.2021 13:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi