Абай – қазақтардың ғана емес, барлық түркі халықтарының да рухани әкесі. Абай – біздің ортақ игілігіміз, – деп нық айтқан еді Түркияның белгілі мемлекет қайраткері Намык Кемал Зейбек. – Абай адамзатқа қажет! Біз Қожа Ахмет Ясауиді, Абайды, өткен ғасырлардың басқа дана адамдарын өз әкелеріміздей біліп құрметтеуіміз керек». Абай шығармашылығы Еуропа мен АҚШ-қа да белгілі. Қазақ ақын-жазушыларының үлкен досы Леонард Кошут қаламынан Абайдың 20 өлеңі алғаш рет неміс тіліне аударылып шыққан еді. Осы аудармашы Берлиннен «өзіндік, қайталанбас, терең мағына мен маңызға толы Абай сөздерінің інжілдік-шығармашылық қуаты» өзін таңғалдырғаны туралы жазады. «Оның поэтикасы сіресіп қалған дәстүрлерді өлең құрылысына, бейнелілігіне, дауыс ырғағына дейін бұзады, аудармашы ақын алдына күрделі мәселелер қояды...» деп таңданады ол. Абай өлеңдері авторды түрлі көңіл күйде – батыл, мазасыз, ойлы, қайғылы, жалғыз етіп көрсетеді. Мұның бәрі бізге, ХХІ ғасыр оқырмандарына арналған.

Абай үнінің ғажайып күші туралы айтудан Францияда Мадлен және Альберт Фишлер еш тынған емес. Ақын, философ, ойшыл пікірінше «халықтар арасындағы қарым-қатынастар өзара баю, ұғынысу және құрметтеу негізінде қалыптасуы тиіс... Иә, Абай сөзін бізге арнайды. Абай біздің рақат күйде ұмытылып қалуымызға жол бермейді. Абайдың «Ескендір» поэмасындағы: «Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!» деген сөздеріндегі философиялық ой-толғаныстарда өсиет пен ғибрат үнемі байқалады».

Ресей әдебиеттануы Абай шығармашылығына ерекше қызығушылық танытады. Шығыстанушы, түркітанушы-ғалым Владимир Гордлевскийдің 1914 жылы шығыстанушы, академик Николай Веселовскийдің 70 жылдығына арналған «Шығыс жинағына» Абай мен Міржақып Дулатов шығармаларын енгізгендігі белгілі жайт. Әдеби байланыстардың осы даңқты дәстүрлерінің жалғасындай РҒА М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институты РФ және ТМД халықтары әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Қазбек Сұлтанов «Абай Құнанбаев шығармашылығын қазіргі зерттеу тұрғысында оның қазақтар үшін маңызы орыс әдебиетіндегі Пушкин рөлімен салыстыруға келеді», деп жазады.

Тапсырма:
«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ойтолғау жазу.

zybikrybik zybikrybik    1   28.01.2021 08:55    0

Ответы
EfremovMk EfremovMk  27.02.2021 09:25

Менің түсінігім бойынша, мысалы біз спортпен шұғылданып, денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз . Сол үшін де жас ұрпақтың бойына Абай атамыздың шығармаларын сіңірсек, рухани қайта жаңғырып, болашақта білім, ғылым, өнерді сүйген азаматтар шығады деп сенемін. Сөзімнің соңын «Абай- кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темір қазығы, өшпейтін жарық жұлдыз»- деп аяқтаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi