Абай қандай білім алған? қандай тілдерді меңгерген? абайдың көп олеңдері қандай тақырыпқа арналған? ол қандай өлеңдер? абай жастарды қандай болуға шақырады?
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Қандай тілдерді меңгерген?
Абай орыс, парсы, араб тілдерін жетік меңгерген.
Абайдың көп олеңдері қандай тақырыпқа арналған? Ол қандай өлеңдер?
• ғашықтық («Махаббатсыз дүние бос...», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»);
• табиғат құбылыстары («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»);
• оқу, білім, ағарту («Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Білімдіден шыққан сөз»);
• тәрбие мәселелері («Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»);
• ақындық өнері туралы («Өлең – сөздің патшасы...»).
Абай жастарды қандай болуға шақырады?
Абай жастарды «Есектің артын жусаң да, мал тап» деп адал еңбек етіп, еңбокқор болуға шақырады. Сонымен қатар, ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
Абай қандай білім алған?

Абай өлеңдерінің тақырыптары:
• азаматтық көңіл-күй («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Болыс болдым мінеки»);