А жасаған мәдениет екіге бөлінетінін сендер білесіңдер.Біріншісі- рухани мәдениет, екіншісі- материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет,сәулет өнері,кескін өнері жатса,а ң шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Көшпелілердің рухани мәдениеті өте бай. Мал шаруашылығы егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық,қиялшылдық, түптеп келгенде, шаруашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.
Қазақ мәдениеті - өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ.Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе, орта ғасырларда, оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.
Тапсырма. Мәтінді оқи отырып, жоспар құру.
Жоспар:
1.
2.
3.