Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, достарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз. 50-60 сөз​

mipad0302 mipad0302    2   10.02.2021 14:20    136

Ответы
mmwo mmwo  12.03.2021 14:24

ответ:Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке-

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi