"Ақын толғауындағы құндылықтар" эссе

89286163503 89286163503    3   24.11.2020 11:33    4

Ответы
Зууууум Зууууум  24.11.2020 11:40

Ұлттық ұстаным мен перзенттік парыз, ақындық мінез бен азаматтық міндет елдің тағдыры сынға түскен кезде айқын бай­қалатыны белгілі. Әсіресе, бұл ұғымдар қазақ елін отарлаушылар билеген дәуірді жырлаған өлең-толғауларда нақты көрініс тапты. Соның ішінде зар заман әдебиетінің айтулы өкілі, ел мен жер тағдыры, ұлт пен жұрт ахуалы жөнінде ой толғаған Мұрат Мөңкеұлы жырларының орны бөлек.

Ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әт­тең, бір қапы дүние-ай» толғаулары – қоныс­тың құтсыздығына налып, көшкен жұрттың хал-ахуалын шынайы бедерлеген біртектес дүниелер. Бәрінде де көшпенді ел өмірінің қайғы-мұңы айтылған. Бірақ бұлар – ауыз әдебиетінде ежелден бар дәстүр бойынша көштің сән-салтанатын асырып, керуеннің мал-мүлкін, керемет жасау-жабдықтарын мадақтайтын өлеңдер емес, көшкен елдің жұртын сағыну сарынындағы толғаныстар. Үш шығармада да біркелкі сурет: иесіз қалған жер, амалсыз қоныс аударған ел, жақсылар­дың табаны тиген жайлау мен жайылым, сай-сала, енді қайтып оралмас қимас дәу­рен… Ақын осының бәрін еске алып, өзегі өртеніп тұрса да, мұндай жерді халықтың мекендеп қалуына қайлы емес. Сонымен, Мұрат антиутопиясының түпқазығы – «ады­ра қалғыр, қайырсыз қоныс» десек, мұның себебін ақынның өзі былайша тұжырым­дайды;

Қайырсыз неге десеңіз,

Асан Қайғы, Қазтуган,

Орақ, Мамай, Телағыс,

Қалған екен солардан.

Біз де бір сондай болармыз

Артық па едік олардан?!

Объяснение:

это привельно поставь лайк и оценку

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi