Аққу-өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады.Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққу әнші құстардың қатарына жатады.
Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы- естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру- одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі- бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар- табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (118 сөз)
помагите
3.Мәтіннен 4 омоним сөз табыңыз.Олардың омонимдік мағынасын мысалдармен дәлелдеңіз.
помагите тезірек