Ақтамберді жыраудың туған жері және оның өз заманында қандай адам болғаны туралы не білетініңізді жазыңыз. Жырау неліктен толғау жанрын жиі қолданған?

Оларды не себепті идеолог деп атаған?

Оның өмірінің соңғы кезінде жазылған толғауы қалай аталады?

Ақтамберді жыраудың толғауларының тақырыбы не?

регинамаг регинамаг    1   19.10.2020 22:25    6

Ответы
Dragon969 Dragon969  18.11.2020 22:26

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан[2].

Ақтамберді жырау

“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.[3]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi