А ) Мәтіндегі негізгі ойды бес сөйлеммен жазу .
ә ) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер .
1.Мәтін бойынша идеология не үшін қажет ?
2. « Мәңгілік ел » орнату идеясы қайдан бастау алған ?
3.Мәңгілік ел болудың негізгі шарттары қандай ?
Вот :
Кез келген мемлекетті дамытатын , халықты арманына жетелейтін күш - идея , идеология . Идеология деген - сол елдің бағдаршамы . Егер ол болмаса , кеме мұхитта,ұшақ көкте , адам жерде адасады . Арғы - бергі тарихта елім мәңгі болсын » деп армандамаған бірде - бір мемлекет жоқ . Ұлы далада « Мәңгілік ел » орнату идеясы бүгін ғана туа қалған жоқ . Ықылым замандардан бері ел орнап , билік пайда болғалы бері жалғасын үзбей келе жатқан әлемдік құбылыс . А өмір бойы жұмақ жерді , бақытты , еркіндікті іздеумен , арманда - аңсаумен келеді . Ол Арман - татулығы , береке - бірлігі жарасқан « Мәңгілік ел » орнату идеясы . Ол - қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман , Асанкайғы желмаяға мініп , шарқ ұрып іздеген жерұйрық , баянды тіршілік. Кытайлар өзін « Аспан асты еліміз » десе , жапондар өздерін « Күншығыс еліміз » дейдi , бiз - Ұлы дала еліміз . Қазақ - осы Ұлы далада туып өсіп өркендеген , талай ұлыс , талай каганат орнатқан көнеден келе жаткан халық « Күлтегін » жырында « Егер сен Өтүкен қойнауында отырсаң , Мәңгі ел орнатар едің » деген сөз бар . Яғни , Мәңгі ел орнатуды Бұмын , Естеми қаған сынды бабаларымыз VI ғасырда - ақ аңсаған . Өкініштісі , басараздықтың , алауыздықтың кесірінен кағанат кұлап , олар арманына жете алмаған . Демек , Мәңгі ел орнату үшін алдымен жер тұтастығы , ел ынтымауы керек , ата тарихын ұрпақ санасына сіңіру керек . « Ұлы дала елі - Мәңгілік ел » идеясы сан қырлылығымен , күрде лілігімен ерекшеленеді . Бұл идеяны жүзеге асыру үшін терең , байыпты тұжырымдама керек . Оның ең басты шарттары мынадай : 1 ) мемлекет аумағының тұтастығы ; 2 ) мемлекеттік қорғаныс кабілеті , ұлт қауіпсіздігі ; 3 ) мемлекеттік тілі ; 4 ) діні ; 5 ) ізгілік , даналық ілімі , ұлы эпостары ; 6 ) ата дәстүрі , атакәсібі ; 7 ) халқының ынтымақ бірлігі .