А) Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңдар. 1. Қазақстан қазына, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген он елдің қатарына кіреді. 2. Қазақстан әлемде қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады (186 елдің ішінде): вольфрам, қорғасын, барий қорынан бірінші орын, хромит, күміс және мырыштан екінші орын, марганец қорынан үшінші орын, мыс мөлшерінен төртінші орын, уран кендерінен бесінші орын, алтыннан алтыншы орын, темір кендерінен жетінші орын, қалайы мен никельден сегізінші орын, көмір, газ қорынан тоғызыншы орын, мұнай қорынан он үшінші орын. Бұл – ғаламат байлық. 3. Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, ал су астында (шельф) 4,5 миллиард тонна мұнай қоры жатыр. 4. Арал аймағындағы мұнай қоры – 350 миллион тонна. 5. Көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады. 6. Қазақстандағы уран қоры – 900 мың тонна, әлемдік қоры 3,5 миллион тонна, демек, әлемдегі уранның төрттен бірі бізде. 7. Қазір табылған, ашылған қазба байлықтың барлық құны 3,7 триллион АҚШ доллары болады екен. Е.Қадашұлы -