А мәтіні Тәні саудың – жаны сау Спорттың адам өмірінде алуын орны зор екендігін бәріміз де
білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады.
Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған. Спорттың қай
түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы о
йшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына
қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен
өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында
халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап
көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып
жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына
дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса
солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен
ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық.
Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін
денсаулық қажет. (169 сөз)
1)Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді?
А.Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.
B. Cпорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр
болады.
C. Cпорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.
D.Cпортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады.