А мәтіні
Ұстаз ұлағаты
Мағжан Жұмабаев – халқымыздың маңдайына біткен біртуар ақыны әрі ұлт мақтанышы. Мағжанның туған халқына қызмет етуі өз замандастары сияқты ағартушылық саладан бастау алды. Ал ақынның әдебиет әлеміне белсенді араласуы оның қоғамдық, әлеуметтік, дүниетанымдық көзқарасының ерекше болмысын танытты. Сөйтіп, өзі өмір сүрген уақыттағы әдеби ағымға өзгерістер мен жаңалықтар алып келді. Ол қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының сөз өнеріне айтулы үлес қосып, қалам-қуатының ерекше екпінін байқатты. Мағжан көтерген әлеуметтік, қоғамдық, елдік, ұлттық мәселелер ақын жүрегін толғантты, заманның ауыр жүгін өзге де қаламдас-әріптестерімен бірге лайықты көтере білді. Бұл ақынның шабытты шығармашылығының соны қырларын айқындай түседі. Бүгінгі уақыт, жаңарған қоғам, қалыптасқан қазақ мемлекеті тұрғы¬сынан қарағанда, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері, ғылыми-әдеби мұрасы қайта зерделеуді қажет етеді. Мұның себебі ақын өлеңдерінде жазылған ойлар, әсіресе тіліміздің келешегі жайындағы жыр жолдарын қайта түйсініп зерделеу арқылы біз бүгінгі тіл төңірегіндегі көкейкесті мәселелердің себеп-салдарын да тереңірек тануға мүмкіндік аламыз.
Ә мәтіні
Алаштың асылдары
Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың.
Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.
Задание: Определите стиль, жанр, сходства и различия этих двух текстов
Жазыңыз: Стилі, Жанры, Ұқсастығы, Айырмашылығы
Стилі:Мағжан Жұмабаев – халқымыздың маңдайына біткен біртуар ақыны әрі ұлт мақтанышы.
Жанры
Алаштың асылдары
Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың
Ұқсастығы
бір өлен