А мәтіні Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.

Ә мәтіні

Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанады.

Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.

1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз. Найдите общую тему для двух текстов

a) Әуесқой боксшылар

b) Олимпиада жеңімпаздары

c) Сиднейдегі жеңіс

d) Әлем чемпиондары

e) Бокс жаттықтырушылары

[1]

2. Әр мәтінге тиісті ақпараттарды сәйкестендіріңіз. Найди соответствие
Мәтіндер

Ақпараттар

Сәйкестендіру

А мәтіні

a) Оның жаттықтырушысы өзінің әкесі.

b) Бала кезінде жиі ауыратын болған.

c) Ол ағасымен бірге жаттығатын болған.

d) Одан мықты боксшы шығады деп күтпеген.

[2]

Ә мәтіні

3. Мәтіндер қандай сипатта жазылған? Определите вид текста.

a) Пайымдау және талқылау

b) Баяндау және сипаттау

c) Талқылау және сипаттау

d) Сипаттау және суреттеу

e) Әңгімелеу және баяндау

[1]

4. А мәтініне ғана тиісті ақпаратты көрсетіңіз Найдите информацию соответствующую тексту А,

a) Әлем чемпионы

b) Олимпиада чемпионы

c) Түркістан қаласы

d) Сидней жеңісі

e) Серік Қонақбаев

[1]

Жазылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз.

[10]

1) Мен қандай мамандық иесі болғым келеді?

2) Біздің жерімізде қандай қазба байлықтары бар?

3) Олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз!
соч

yuakomlev yuakomlev    2   15.03.2021 11:40    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi