А мəтіні БАҚ-ДƏУЛЕТ – БІРЛІКТЕ
Қазақстандағы ұлттар достығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған- туыстарындай көреді. Диаспоралар қазақтың бөлінбейтін қауым-тайпасына ежелден айналып кеткендей. Жер шарындағы негрден басқа барлық ұлт Қазақстанда жасап, өмір сүріп жатыр. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тəтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды жəне Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай бейне тыныштықтағы Қазақстан жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дəлелдеді. Сондықтан, біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.
Тəуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал, керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап ең бейбіт ел деген атаққа ие болды. Кеңестік дəуірден басталған, интернационалдық тəрбие мен идея қазір жаңаша жаңғырып, «Қазақстан ұлттар лабораториясы» бұл күнде, тіпті, өзгеше бір ұлттар достығының «брендіне» айналды десем қателеспеймін. Мен өзім тəрбие мекемесінде еңбек еткендіктен ұлттар достығы тəрбиесіне қатты көңіл бөлемін. Басшылық жасайтын колледжімде біраз ұлт өкілдері қызмет етеді. Диаспоралардың да балалары бар.
Ə мəтіні
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Əрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай,
ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың əрқайсысының қайталанбас діни жəне материалды мəдениеті, тарихы, салт–дəстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
[8]
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дəстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық жəне аймақтық ұлттық мəдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кəріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мəдени фестивальдары болып, онда олардың мəдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.
1. Тапсырма
мәтін не туралы
А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіңдердің құрылымдық бөліктерге ажыратып,тақырып ұсыныңыз
А мәтіні
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ә мәтіні
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды