А мәтіні «Қазпошта» АҚ-ның электронды сауда жөніндегі атқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда интернет-дүкен ашу қиын емес.
- Асқарбек, бүгінде Қазақстанда интернет-дүкен ашу үшін қандай мәселелелерді ескеру керек?
- Біріншіден, платформа қажет. Сол платформаның негізінде кез келген адам өзінің интернет-дүкенін аша алады. Екіншіден, логистика, яғни сатылған тауарларды жеткізу желісі болуы шарт. Бүгінде республика бойынша жетпістен астам курьерлік компания бар. Соның ішінде кез келген компанияны жалдап, келісімшартқа отыруға болады. Сонда курьерлер интернет дүкеннің тауарларын тұтынушыға жеткізіп отырады. Үшіншіден, төлем жүйесін енгізу керек. Ол карточка бола ма, пошта бөлімшесінде төлене ме, нақты бір төлем құралын таңдап, интернет-дүкенге енгізу қажет. Осы үш негізгі міндет бар. Сосын төртіншісі, ол - маркетинг. Мәселен, әлеуметтік желілерде арнайы парақшаларды ашып, онлайн маркетинг жүргізуге болады. (117 сөз)
Ә мәтіні
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, мата, азық-түлік тауарлармен алмасқан. Сонымен қатар, сол кездің өзінде кітапханалар болмаса да, ірі саудагерлер әр елдерден құнды кітаптар, көркем суреттер, ал шеберлердің қола мен темірден жасаған бұйымдарымен алмасулар жасаған. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар — базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды.
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д III ғасыр шамасында сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға таяу қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. (142 сөз)
1. Екі мәтіннің ерекшелігін жазыңыз. Ортақ мәселені анықтап, салыстырыңыз. [3]