А мәтіні Қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ермек емес, өнегесін дарытар ерекше ет жақыны. Әженің бауырында өскен балаға жұрт "тәрбиелі бала" деген баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе» деген ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша, жас бала қазақы ортадағы бар құндылықты біртіндеп бойына сіңіре бастайды. Жеті, тоғыз жасқа келген ұл баланың тәрбие тізгінін атасы алады. Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға қатысып, жақсы мен жаманның аражігін ажыратуға тырысады.

Қазақтың отбасылық ерекшелігі сол, тұңғыш немерені міндетті түрде атасы мен әжесі бауырына салған. Ата-әжесі тәрбиелеген баланың тілі ерте шығады. Себебі үлкен кісілер әрбір сөзді анық айтады, баламен үлкен адамша сөйлеседі. Бала әке-шешесін біліп тұрса да «атамның баласымын», «әжемнің баласымын» деп жөн сұрағандарға ата-әжесінің аттарын айтып жатады. Бұл да жеті атасын біліп, шыққан тегін тануына зор ықпал жасайды десек артық болмас. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып ержетуінің өзі дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтың мәйегі емес пе?
ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІК ПЕН СТИЛЬ КЕРЕК

husravh323 husravh323    3   14.05.2021 06:41    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi