Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

LJкрасотка2007 LJкрасотка2007    1   15.04.2020 07:38    2

Ответы
Эндирионэля Эндирионэля  18.04.2020 06:30

Табиғат келбеті - даланың бәрі , бәрі аппақ қар басқан.Ал дала көрінісі өте керемет . Қар аралас боран соғып , аяз болып , адамдардың мазасын алып жатыр . Осылай қыс келгенін білдіріп тұр .

Адам келбеті - Адамдар қалың киім киіп жатыр .Адамдардың беттері домбығып , тоңып қалған

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi