А.Бiрыңғай мүшелерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, семантикалық картаны толтырыңдар.
Мысал
Бірыңғай бастауыш
Бірыңғай баяндауыш
Бірыңғай толықтауыш
Бірыңғай анықтауыш
Бірыңғай пысықтауыш
Бай бейілін, мейірін,
Сән, салтанат сейілін,
Ақыл күшін, зейінін,
Ең ақыры төбетін,
Күймен, жырмен мадақтап,
Бәйіт қылып беретін (Ж.Ж.).
Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады
да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын
асықпай, тырбандата сермеп жүзіп
жүре берді (Б.М.).
Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп (Ш.Қ.).
Тапқыр, адал, ақниет адамдардың,
Алданбайсың артынан ере берсең (Ш.Қ.).
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске
(ж.ж.).