Ақбөкендер қалай сақтанады?​

камила508 камила508    1   23.10.2020 08:20    21

Ответы
Гaяз Гaяз  22.11.2020 08:21

Ақбөкендердің топталып жүруі Қазақстан жерінде көп тараған жануарлардың бірі-ақбөкен. Ақбөкен үйір-үйір болып топтанып жүреді. Былайша қарағанда, жазық жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып, үйір құрайды? Осының себебін қарастыралық. Ақбөкен өсімдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін жануар болғандықтан, оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде ақбөкендердің әрі оттауы, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп, жан-жақты шолып жүреді, сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді. Сонымен, ақбөкендер жапан далада топтанып, үйірімен жүріп тіршілік етуі-пайдалы бейімділік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi