Ақбөкен – киелі жануар. Тұяқты жануар жайылмаса, өзінен-өзі азып кететін «Бетпақ» аталып
кеткен ұлан байтақ сайын даламызды келер ұрпаққа қалай жеткіземіз? Оның
әзірге бір ғана шешімі бар. Алдымен қазақ үшін киелі жанура атанған
ақбөкен санын қалпына келтіруіміз қажет.
Ақбөкен шөпті таңдап-талғап жейді, жоғары жағынан кертіп алып қана
жайылады. Көбіне әр жердегі шөпті теріп, жүре жайылады. Сондықтан
өсімдіктердің өсуі тоқтамайды, керісінше тұқымын шаштырып, оны үшкір,
аша тұяқтарымен жерге енгізеді. Ақбөкендер құрамында ылғалы
шырынды өсімдіктермен қоректенетін болғандықтан, сулы жерлерден алыс
аймақтарда да тіршілік ете береді.
90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында киік саны күрт
азайып, жойылып кету шегіне жеткен. Зооинститут мәліметтеріне сүйенсек,
2003 жылы Бетпақдала таралымындағы киіктердің 1,8 мың дарағы ғана
қалған. ҚР-ның Үкiметi шешім қабылдап, киіктерді аулауға тыйым салды
және ол шешiмдi 2020 жылға дейін ұзартты. 2007 жылы Ақтөбе облысынан
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын құрып, 763549 га жерді
ерекше қорғалатын табиғи аумаққа бөлді. Өткен жылы көршілес Қостанай
облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарында да «Алтын дала»
табиғи резерваты ашылды. Қазіргі таңда Ырғыз-Торғай табиғи резерватының
жер көлемін 409 мың гектарға ұлғайту, екі резерват аралығынан экологиялық
дәліз ашу құжаттар әзірленуде. Қазақстанның қақ ортасында дүние жүзіндегі
ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ кешені пайда болғалы тұр. Бұл
экожүйені қалпына келтіруге көмектеседі.
Ақтөбе облыстық қоғамдықсаяси газетінен
Түсіндірме сөздік
Бетпақдала – сусыз мидай дала, шөл дала.
Кертіп жеу - аз-аздан жеу
Табиғи резерват - қорық секілді қорғалатын аумақ
Эколологиялық дәліз — жануарлардың қоныс аударуын қамтамасыз ету.
2-тапсырма. Мәтін бойынша менталды картаны толтырыңыздар.
Тақырыбы:
Стилі:
Мазмұны:
Мақсаты:
Терминдер
Тірек сөздер:
Baram​

GrafGundam GrafGundam    1   19.10.2020 09:05    60

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi