Қаңқа тақырыпқа әңгіме құрау ​

Tima66666666 Tima66666666    3   22.04.2021 15:58    2

Ответы
серый386 серый386  22.04.2021 16:00

Нешинши сынып? Нешинши тапсырма.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Fox125123 Fox125123  22.04.2021 16:00

Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ