А 2. Берілген мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр белігінен алынған ақпараттардан жинақыт мәтін - аннотация жазыңыз. А жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХК) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүниежүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған сер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітап» туралы пікірді агылып табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі кұстардың 287 түрі, космекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өнделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

крут6776 крут6776    1   11.03.2022 14:26    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi