9. «Өзі кеше ғана аттанған Алматыны еске алды. Көкек астанада күшіне еніп, қызуы
қоламтадай жүз шарпығалы Алатаудың да биік бауырындағы қалың қар лас лайсаңмен
апыл-құпыл аттанып кеткен еді ғой. Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркі
тұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың
ақша қарын жамылып, самарқау жатыр. Сырбаз Алтай тәрізі көктемге жонын бергісі
жоқ. » Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды таба отырып, табиғат құбылысы мен кейіпкер
жан дүниесіндегі психологиялық параллелизмді өз көзқарасыңызбен сипаттаңыз