9-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтінді мұқият оқыңдар. Өздерің қалаған бөліктегі жол ережесіне ат қойыңдар
да, оның мазмұны бойынша сурет салыңдар. Сынып алдында суреттеріңді
көрсетіп, ережені түсіндіріңдер. Өз мәтіндеріңде сын есім сөздердің
мағыналық түрлерін кеңінен қолданыңдар.
1. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге
арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жа-
ғалай жүруі тиіс. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін жол бойы-
мен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы
бағытта жүруі тиіс.
2. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүр-
гіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпе-
лерінен, ал олар болмаса, көше қиылыстарынан тротуарлар мен
жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
3. Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші
реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда көлік бағдаршамын
басшылыққа алады.
4. Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші
жол үстінде кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге
үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін
бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз
екендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп,
жолдан өтуіне болады.​

kirillmotoin kirillmotoin    1   16.02.2021 17:02    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi