9-тапсырма. Төмендегі деректерді пайдаланып, мемлекет қайраткері тура- лы интервью дайындаңдар. Диалог барысында екпіннің түрлеріне назар
аударыңдар.
Мұстафа Шоқай (1890-1941) Алаш қозғалысына қатысқан
ірі қайраткер, Түркістан жерінің азаттық күресі топ бастаушыла-
рының бірі, публицист-ғалым. Ол Қызылорда облысының Шиелі
ауданы Сұлутөбе ауылында туған. Сұлутөбе ауылындағы орыс
білім ордасында бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі
гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Сол жылы
Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп,
оны 1917 жылы бітіреді.
Мұстафа Шоқай 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ
съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Түркістан (Қоқан)
автономиясының жойылуына байланысты Мұстафа Шоқай шетел-
ге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. «Бірлік туы» газетінің не-
гізін қалады. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, тұтқынға
алынып, бірнеше ай түрмеде отырып шығады. Ол Берлинде қай-
тыс болады. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен атала-
тын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне
Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған өлкесінде оған
ескерткіш қойылған.​

Nikanikansjs Nikanikansjs    2   21.12.2020 11:54    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi