9-тапсырма. Төмендегі қанатты сөздерді оқы. Өзіңе ұнағанын талда, пікіріңмен бөліс.
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына (Ә. Науаи).
Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге (Абай).
Егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңіл-
ге тоқи біл (Л. Сенека).
Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей (Л. Толстой).
Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш
әсер етеді: көркемөнер және ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен
дидарласасың (М. Горький).