9. Қорқыт атаның «Тәкаппарлықты Тәңірі де сүймес» деген нақыл сөзінің мәнін ашып эссе жазыңыз. (150-180 сөз)​

Efendieva2004 Efendieva2004    2   27.10.2020 17:09    17

Ответы
stazagreen stazagreen  26.11.2020 17:10

Тәкаппарлықтың биік шыңы – өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып, кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көретін іс-әрекеттің бәрі тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық –жаман қасиет! Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып тумайды. Адам туғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық – а жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белесті бағындырған кезде, бір жұмысы өрге домалаған кезде, жолы ашылып, арманына, алға қойған жоспар,мақсатына жеткен кезде кей кісіде тәкаппарлық мінез пайда болады.Тәкаппарлық –ақыры жақсылыққа апармайтынжүректегі дерт.Алла тағала баршамызды осы тәкаппарлықтан сақтасын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi