873. Көк аспан 1. Берілген тірек сөздер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұхбат құрыңдар.
Тірек сөздер: көк аспан, ауа қабаты, атмосфера,бұлтты аспан, ашық аспан.
2. Мәтінді бір-біріңе оқып беріп, түсіндіріңдер. Түсіндірмелерің мен мәтін арасындағы
айырмашылықты анықтаңдар.
Аспан неге көгілдір?
Жерді ауа қабаты – атмосфера қоршап тұр. Ол жерді суықтан, зиянды сәу-
лелерден және ғарыш тастары метеориттерден қорғайды. Атмосфераны «ауа
мұхиты» деп те атауға болады.
Aya Жерді қоршап тұрған көзге көрінбейтін газдардың қо . Ол түс-
сіз, оның иісі жоқ. Біз ауаның ағынын сеземіз. Қозғалатын ауаны «жел» деп
атайды. Жел ауа райына байланысты суық, жылы және ылғалды болады. Ауа
барлық тіршілік атаулыға тыныс алу үшін қажет.
Күн сәулесі ауа қабаты арқылы өткенде, өзінің жарықтығын жоғалтады.
Сөйтіп, аспан көгілдір болады. Ауада шаң бөліктері, түтін көп болса, аспан
ақшыл, кейде қызылдау болып көрінеді.
( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)