80 жаттығу. ата, әже, немере, ауыл сөздерін әңгіме құрау

DDDDBB DDDDBB    2   22.06.2019 08:10    0

Ответы
трифон1 трифон1  17.07.2020 15:17

Ауылда

Демалыс басталысымен мен ауылға кеттім. Онда менің атам мен әжем, көкем мен тәтем және бауырларым тұрады. Атам мен әжем қашанда немерелерін асыға күтеді, бар тәттілерін сақтап қояды.

Ауылда көкеме қар күреуге көмектестім. Бауырларыммен қардан аққала жасап, есік алдында өсіп тұрған шыршаны ойыншықтармен безендірдік. Ауыл балаларымен қырдан шана тептік, қар лақтырысып ойнадық. Ойнап келген соң, әжемнің ыстық бауырсақтарымен шай ішетінбіз. Жаңа жылда қаладан ата - анам келіп, бәрімізге сыйлық әкелді. Қысқы демалысым өте қызықты өтті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi