8-тапсырма. Жұптасып диалогті жалғастырыңдар. Салем, Дана. Салем. Ертең сыныптастармен саяхатқа шығатын болдык. 2

MiklJackson MiklJackson    3   25.01.2022 07:02    11

Ответы
JennieBlackpink1996 JennieBlackpink1996  04.03.2022 21:32

- Сәлем, Дина.

- Сәлем.

- Ертең сыныптастармен саяхатқа шығатын болдық.

- Тамаша, қайда барасыңдар?

- Табиғат аясына шығамыз.

- Сынып жетекшілерің де барады ма?

- Арнайы автобуспен үш мұғалім, медбике және дене шынықтыру мұғалімі бізді серуенге апарып, алып келеді.

- Өте жақсы екен. Медбике апайдың баратынын дұрыс екен.

- Иә, бірақ барлығы жақсы өтіп, ол кісінің көмегіне ешкім жүгінбесе, жақсы болар еді.

- Қашан қайтасыңдар?

- Таңертең шығып, түстен кейін қайтамыз. Әрқайсымыз үйден тіскебасар мен ішетін сусын, жеміс – жидектер алып барып, соларды жейміз. Түрлі ойындар ойнап, серуендеп, біраз суретке түсеміз деп жоспарлап отырмыз.

- Бәрекелді, демалыстарың жақсы өтсін!

- Рахмет!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi