8-Тапсырма. .«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер. Бірінші сөйлем: Менің ойымша .
Екінші сөйлем: Себебі мен ... оны деп түсінемін.
Үшінші сөйлем: Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
Соңғы сөйлем: Осыған байланысты мен ... деген түйін жасадым.

Шығыс Қазақстан жеріндегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі – бізге жеткен мәдени мұралардың бірі. Бұл кесенеде ауыз әдебиеті бойынша, бір-бірін шын сүйген екі жас – Қозы мен Баян жерленген. Кесененің қабырғасы тас тақталар мен сабан аралас балшықтан қаланған. Табаны төртбұрышты таған түрінде, жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделе өрілген. Жалпы биіктігі он екі метрге жетеді. Ғимарат қабырғасында бет пішіндері граниттен жасалған азиялық кейіптегі жансыз мүсіндер сүйеулі тұр. Олардың омырауында алқасы бар және әлдене бір кесек ұстаған қос қолдарын кеудеден төмен ұстап тұр. Күмбездің іші бейне бір қашалған тастан салынғандай жақсы жиналған. Күмбезге кіретін бір есік, екі қабырғасында бір-бірден терезе бар. Құрылысы ежелгі азиялық әдіспен салынған.

Халқымыздың мұрасы, шынайы достық пен махаббаттың символы болған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары – біздің мақтанышымыз. Аягөз қаласының мәдениет үйі осы ғашықтардың атымен аталады.

thecartel777 thecartel777    2   16.02.2021 16:47    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi