8-тапсырма. Ойтаразы. «Попс» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеп жазыңдар. Бірінші сөйлем. Менің ойымша, Екінші сөйлем. Себебі мен оны деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем. Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ... деген түйін жасадым. Қазақ есепшілері Жетіқарақ-
шы жұлдызын батпас жұлдыздар
қатарына жатқызады. Жеті-
қарақшы жұлдызы батып кет-
пейді, жоқ болмайды. Баяғыда
ата-бабаларымыз Жетіқарақшы
жұлдызын «аспан әлемінің са-
ғаты» немесе «аспан тілі» деп
атаған екен. Қазақ малшылары
Аспан әлемі
Жетіқарақшы жұлдызының
аууынан түнгі тәулікті дұрыс
айыра білген. Соның нәтижесінде бір түнді «кеш», «түн ортасы»,
«таң алды» деп үшке бөліп қарастырған.
Қазақ түн қатып жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда, барар
бағытын аспан жұлдыздарына қарап айырып отырған. Алдымен
аспанға қарап, Темірқазық жұлдызын тауып алады да, содан
соң Жетіқарақшы жұлдызының қалай қарай ауып бара жатқан бағытына көз жібереді. Сосын оның қай жақта, қай орында тұрғанын
анықтайды да, баратын бағыт-бағдарын, беталысын соған қарай
туралайды.
Қазақтың байырғы малшылары Жетіқарақшыны уақыт өлшейтін
сағат орнына пайдаланған. Уақыт тілі деп білген. Қазақ есепшілері
кешқұрым, жұлдыз туа бастаған шақта, Жетіқарақшы жұлдызы
аспан әлемінің солтүстік бүйірінен көрінген кезді «кеш кірді» деп
ұйғарған. Түн ортасында Жетіқарақшы жұлдызының аспан әлемі
солтүстігінің қақ ортасынан көрінуін қазақ «жеті қараңғы түн»,
«түн ортасы», «қап-қараңғы түн» деп есептеген. Таң алдында Жеті-
қарақшы жұлдызы аспан әлемінің солтүстік жартышар бүйірінен
көрінуін қазақ «таң алды», «сөресі» деп ұйғарған.
Б.Бопайұлы

Sonta0004 Sonta0004    1   18.10.2021 10:10    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi