8-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы көптік және тәуелдік жалғауларын тап. Олардың мәтін ішіндегі қызметін түсіндір. Қазақ қауымы негізгі ғаламшарлардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтар- дың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің тұрмыс-тіршілігінен алынған. Қазақтар жұлдызды аспан картасын Темірқазықтан бас- тайды. Темірқазық қазақтардың түнде жол жүргенде беталысын бағдарлайтын компасы іспеттес болған. Себебі ол та бір жер- де тұрады. Оның маңындағы екі жұлдыз «Ақбозат», «Көкбозат» деп аталады. Қыста кешкі Шолпан (Санжүлдыз) туған кезде қойды қораға әкеледі. Меркурийді қазақтар «Таң Шолпаны» деп, кейде «Кіші Шол- пан» деп атаған. Юпитерді «Есек қырған», Марсты «Қызыл Жұлдыз», Егіздерді «Қос жұлдыз», Сириусты «Сүмбіле» деп атаған және бұлар- дың жай-күйін, орнын, қозғалысын жақсы білген. Жетіқарақшы – қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол – шөміш пішінді құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада » дейді қазақтар. «Жетіқарақшы» атауы өте ерте замандарда шыққан. Жұлдыз атауындағы «қарақшы» сөзінің — «қарап тұрушы». Ай көрінбеген сағатта аз да болса жарық беретін, жалғыз жүрген адамдарға ес, сүйеу болатын жеті жұлдыз. Үркер жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық, əрі метеоро- логиялық мәні бар. «Үркер» деп аталатын бір топ шоқ жұлдызға қарап, қазақтар ауа райының құбылуын, әр бөлігін ажырата білген Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктемнің басында батыстан көрінеді, ал жаздың басынды мүлде көрінбейді. Қазақ есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалап, бақылап отырған. Шаруашылық маусымдарын соған сәйкестендірген.

Светлая26 Светлая26    2   21.09.2021 03:16    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi