8-тапсырма. Абайдың сегізінші қарасөзін оқы. Ондағы көнерген сөздерді тауып жаз. Мағынасына қарай тарихи сөздер мен архаизмдерге ажыра- тып, түсіндір. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу болыс, біреу би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайың деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өз- дері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтар- лықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзер- лігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді. Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүние- нің жарымы басында тұр. Өзiнде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім еш нәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, Құдай тағала- ны да паралап алса болады дейді. Оның діні, Құдайы, халқы, жұр- ты, білімі, ұяты, ары, жақыны бөрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұға- йын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қа- шан? Қолы тимейді. Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңда- майды.