8. Салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндір.
Керме аяқталған соң, көптің көкейінде «ЭКСПО елімізге
не берді?» деген сауал туындады. Сарапшылар ЭКСПО-ның
Казакстан экономикасын дамытуға мультипликативтік
түргыдан оң әсер еткенін айтты. Туристік сектор жандана
түсті және туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8
есе артты. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10%-тен аса
көбейді де, елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан
түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл
өлемнің назарын өзіне аударды, «Болашақтың энергиясы»
аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына
түрткі болды.
«Түркістан» газетінен