8. Сөйлемдерден буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшалары бар сөздердің астын сызып, олардың ережелерін түсіндіріңіз. Қара жорға Қасқырбайдікі (Ә.Сәрсенбаев). Бүгін Ақшоқыға өздерінің өнерлері мен табыстарын асыға әкелген өнерпаздар да аз емес. Ол жаңағыдай жайларда өте намыскер, басынан сөз асыра алмайды (М.Әуезов). Ел де, жер де халықтікі. Әбілқайырдың бір байқағаны – Жәнібектің қол астындағы ел шетінен сөзуар.