8. Өлең жолдардан автордың тілдік қолданысындағы көркемдегіш құралдарды табыңыз ( эпитет , теңеу ) және автор бейнесіне талдау жасаңыз . Тайсойған , Орал бойы өскен жерім , Кір жуып , кіндігімнің кескен жерім . Құрбымен жағаласып бірге жатып , Жарты құрт татулыққа жескен жерім . Тайсойған , Орал бойы жүрген жерім , Қызығын дәулетінің көрген жерім . Ат мініп мырзалардан , нар жетектеп , Қызылын әуестікке киген жерім . Қиғаш қас , оймақ ауыз , бал тамақты Күнінде ақсаулықтың сүйген жерім . Қой сойып , үй басына ойын қылып , Жиылып жүрушы еді қыз бен келін . Шалқылаған тасқан судай көңілін басып , Әркімге қоңсы атанды - ау кербездерім