8 класс тжб 4 токсан «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.
А) Жапанда жалғыз нардың кезігуі
В) «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
С) Күйшілердің жолдағы әңгімесі
Д) Қыздың әкесіне қолқа салуы [1]
2. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты белгілеңіз.
А) Пролог, жанама мінездеу
В) Эпилог, тура мінездеу
С) Эпилог, жанама мінездеу
Д) Пролог, тура мінездеу [1]
3. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасының идеясы не?
А) Айдағы жасырынбақ
В) Жер тазалығын сақтау
С) Ай табиғатын зерттеу
Д) Көлеңке қоюлығын анықтау [1]
4. «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесін анықтаңыз.
А) Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі
Ә) Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі
Б) Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі
В) Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі [1]
5. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс, бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім толы.» Көп нүктенің орнына тиістісін қойыңыз.
А) кек пен қасіретке
В) мұң мен шерге
С) қиял мен шындыққа
Д) ыза мен жек көрушілікке [1]
2-БӨЛІМ
6. Т.Ахтановтың «Күй аңызындағы» ботасыз нарды идірген кім еді? Оның бойындағы қасиетіне өз көзқарасыңызды шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз. [5]
7. Ж.Сахиевтің фантастикалық әңгімесі неліктен «Айдағы жасырынбақ» деп аталады? Шығармадан мысалдар келтіре отырып талдаңыз. [5]
8. Шығармадағы ай сәулесі, аймен сырласу, жым-жырт түн, жапан түз, жаралы жер ұғымдарының қолданылуы туралы не айтар едіңіз? Автор бейнесін талдаңыз. [5]
3-БӨЛІМ
9. «Өнер – өмір өрнегі» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдаңыз.

dashashirobokova dashashirobokova    2   18.05.2021 15:18    0

Ответы
Scvetocheek1 Scvetocheek1  17.06.2021 23:41

1. D

2. D

3.B

4. B

5. A

6 ТАПСЫРМА

Естеміс Жаңылға енді қарағанда ,сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың  арасынан сүт тамып тұр. Естемістің де көзінен жас тамып тұр. Заманым өткен ғоЙ деп Оразымбетке күйді жалғастыр дейді. Яғни, осы шығармадағы үзінді арқылы нарды идірген Оразымбет емес Естеміс екенін білеміз.

9ТАПСЫРМА

Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?

Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!

Объяснение:

ҚАЛҒАНЫН ӘЛІ ЖАБАДЫМ :(

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi