7-тапсырма. «Судың тіршіліктегі пайдасы» деген тақырыпта эссе жа- зыңдар.
Талаптары:
• нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды бөлімнің
болуы;
• тақырыптан ауытқымау;
өмірмен байланыстыру;
өзіндік тың пікірлер келтіру;
баяндау стилі нақты болу;
• мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолдану;
• көлемі шамамен 150-200 сөзден тұру.
0
Су тіршілік нәрі . Ғалымдардың айтуынша адам организмі 86 пайыз судан турады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса , онда адам артүрлі ауруға шалдығады. Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалады. Сондықтан адам күніне сонша су ищип отыруы қажет.
Шыныменде,күніне көп мөлшерде су ішу керек дегенді жиі естіп жатамыз. Қайда барсаң да,қалай болса да аурудың алдын алуды сумен байланыстырады. Ал сол су жайлы аңыз қаншалықты шындыққа жанасады.
Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар.«Бұлақ көрсең көзін аш
Сауабына қаларсың.
Суды ішсең қанып іш
Бой сергітіп аларсың».Деген мақал мәтел бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.