7-тапсырма. Мәтінді оқып, тырнақшаның қойылу себебін түсінді- ріңдер. Теледидарды қашықтықтан басқару құралын өткен ғасырдың 60-жылдары қазақ ойлап тапқан. Ол кезде Ленинград сурет академиясының студенті Шәкен Ниязбеков өнертабысымен әлемге әйгілі болам деп ойламаған еді. Көк байрағымыздың авторы Шәкен Ниязбековтың әлемдік жаңалығы 1964 жылы Чехословакияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болады. Қазақтың өнертабысы Ленин- градтағы көрмеге де қойылады. Алайда таңсық бұйым ұрыларға > болып кете барады. Қылмыскерлерді анықтау үшін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерi де жұмылады. Сөйтсе, қазақтың төлтумасына «жиендік жасаған» жапондықтар екен. Олар қылмыстың өтеуіне Шәкен ағаға 20 мың сом айыппұл төлейді. Салыстыру үшін айтсақ, ол кезде «Волга» көлігінің құны 4 мын сом болатын. nur bs